«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Бөлім туралы / Бөлім туралы Ереже / «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Алматы облысының білім басқармасының 2021 жылғы «08»қаңтар №5-Н

бұйрығымен бекітілген қосымша

 

 

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Бөлім ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Бөлімегер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Бөлімніңқұрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі,№ 157.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11.Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

12.Бөлімкәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімзаңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше-белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. Бөлімнің миссиясы: білім беру саласында мемлекттік саясатты іске асыру;

14. Бөлімнің міндеттері:

1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру,кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

2) мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардыңматериалды-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;

3) білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін және бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;

5) ғылыми мекемелерімен білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау;

6) он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін жағдай жасау;

7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;

8) білім беру желілерін сақтау және дамыту, олардың білім беру үрдісін жетілдіру және білім беру жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту;

9) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

10) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесінарттырудықамтамасыз ету;

11) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдалар жасау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру.

15. бөлімнің функциялары:

1) бөлімдері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

5) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің қажеттілігін айқындау;

6) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін енгізеді;

7) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;

8) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

11) қалалық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;

13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

15) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

16) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша қалалық мектеп олимпидаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

17) қалалық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарыныңмемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

18) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаланың білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;

20) бюджет қаражаты есебіненқаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегіжоспарды қалыптастырады;

21) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

22) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалада, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

24) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;

25) қаладағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

26) білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

27) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

28) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;

29) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

30) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

31) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

32) білім беру ұйымдарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

33) мамандандырылған жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;

34) қалада білім беру бөлімінің құрылымын облыс басқармасына келісуге енгізеді және бекітеді;

35) тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, орта білім беру ұйымдарының жиынтық-сыныптарының санын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру) келіседі;

36) Бөлімнің қарамағындағы мектепке дейінгі, орта білім беру және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16 . Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан (келісім бойынша) өз құзыретінің мәселесі бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

2) мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті іске асыруға;

3) білім беруді дамытуды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;

4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

5) ведомствоға қарасты ұйымдарды басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеуге, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;

6) заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын, ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметі мен міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемінің басым бағыттарын анықтайды;

7) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мәні мен қызметінің мақсаттарын анықтайды;

8) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қарамағындағы ұйымдармен өндірілетін және босатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына келісім береді;

9) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдарды дамыту жоспарларының орындалуын қарастырады, келіседі, бекітеді, бақылау жасайды, талдау жүргізеді және олардың орындалуы бойынша есеп береді;

10) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мүліктерін пайдалануға және сақтауға бақылау жасайды;

11) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мүліктерін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;

12) Мемлекеттік мекемесінің функцияларына қатысты істер бойынша соттарда қуынушы, жауапкер, куәгер ретінде дербес немесе өкіл арқылы талап қоюға және сөз сөйлеуге;

13)Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

Өз өкілеттіктерін орындау үшін атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекет етеді.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. Бөлімге басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелегн міндеттердің орындалуын және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. Бөлімнің бірінші басшысы . «Алматы облысы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі.

1)Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзіреті шегінде анықтайды;

2)Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері,Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар нұсқаулар шығарады;

5)Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзіреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілетіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысыболмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағызаңнамаларға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе Бөлім өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімніңқарамағындағы ұйымдардың тізімі:

1) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№12 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№14 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№16 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын ортылығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20) «Алматы облысы Білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

21) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

22) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

23) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

24) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№27 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

25) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№28 IT мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

26) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

27) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

28) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

29) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Жас техниктер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

30) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

31) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Балалар көркемсурет мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

32) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Құрама үлгідегі №1ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

33) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Құрама үлгідегі №2ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

34) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

35) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№4 Ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

36) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№5 Ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

37) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№6 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

38) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№7 ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

39) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің№8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

40) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№10 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

41) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

42)«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№12 «Байтерек» бөбекжай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

43) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«№13 «Құралай» құрама үлгідегі бөбекжай - бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

44) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 «Айбөбек» бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

45) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№15 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

46) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№42 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

47) «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№45 «Арман» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

48)«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д. Рақышев атындағы қазақ мектеп – интернаты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев
Жетісу облысының әкімі
Марат Бекбосынұлы Сүлейменов
Жетісу облысының білім басқармасының басшысы
Куджаков Галым Жабыкбаевич
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің басшысының м.а.
8/7282/ 24-18-82
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Акын Сара, 157
© 2024 «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі